«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, өз ауламыз бен қаламызды таза ұстау – әрбірімізге парыз. Еңбек маусымының салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, жастар жасағына сәттілік тіледі. Мұнан соң, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз алып, жастарды жігерлендірсе «Жасыл ел» еңбек жасағының облыстағы төрағасы Сұңғат Абай жасақтың биылғы жұмысына тоқталды.
– Барлық қатысушылар бірыңғай формамен, футболкалармен және қалпақтармен қамтамасыз етілген. Оларға қажетті күрек, тырма, шелек, сөмке, қолғап сынды құрал-жабдықтар берілді. Барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, еңбек етуге деген ұмтылыс қажет. Жазда жасақтың негізгі кәсібі – жас ағаш көшеттерін суару және күту, аумақтарды қоқыстардан тазарту. Нәтижеге қол жеткізу үшін қатысушыларға көшелер бекітілді, – деді ол.
Шағын концерттік бағдарламадан кейін еңбек жасағы қаладағы «Қарахан» мазары мен «Қызылабад» елді мекеніне көшеттер отырғызды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




