«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Аңсаған сәби» бағдарламасына арналған квота саны артты

«Аңсаған сәби» бағдарламасына арналған квота саны артты
kluch.media
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында квота саны артты. Экстракорпоралдық ұрықтандыруға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде өткен жылы 396 квота бөлінсе, биыл 250 квота қарастырылған, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Өткен жылдың қорытындысында 145 әйел «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы құрсақ көтерген. Оның ішінде 25-і босанып, сәбиін құшағына алды. Ал, 82 ана жүкті әйелдер тізілімінде тұр. Теріс нәтиже бергендер саны – 189, оң экстракорпоральды ұрықтандырудың ең төменгі шегі 36 пайызды көрсеткен.

«Бағдарламаға кімдер қатыса алады?» дегенге тоқталсақ, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған отбасылық жұптар да, жеке адамдар да қатыса алады.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКҰ-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға бару міндетті. Сол жерде үміткерді бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізіміне қосады. Одан кейін тексерістен өтеді. 12 айдың ішінде емхана бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркеп, емшараға дайындық басталады. Пациент экстракорпоралды ұрықтандыру клиникасын өзі таңдайды. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасы жылына бір рет тегін жасалады.

Ұқсас жаңалықтар