Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2025
- 255

Ербол Қарашөкеев Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуының басты бағыттарын айқындап бергенін атап өтіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мақсат-міндеттерге тоқталды.
Басқосуда аудан әкімінің есебін тыңдаған Ербол Қарашөкеев жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар құрудың маңыздылығын баса айтты.
– Мойынқұм ауданының бар мүмкіндігін пайдалана отырып, әлеуетті кәсіпкерлер мен инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету маңызды, – деді облыс әкімі.
Сонымен бірге «Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» тас жолының жай-күйіне назар аударды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, аталған облыстық мәндегі жолдың шұңқырларын жамау жұмыстары 2 аптадан кейін бастау алады.
Кездесу барысында салық түсімін реттеу, кен орындарын тиімді игеру, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жобаларды қолдау, тауарлық несие беру мәселесіне басымдық берілді.
Аудан әкімдігіне балалар қауіпсіздігіне жіті көңіл бөліп, полиция департаментімен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өзге де өзекті мәселелер бойынша нақты міндеттер қойылды.
Сұрақ-жауап бөлімінде мойынқұмдықтар бірқатар түйткілді сауалдарды көтеріп, ойларын ортаға салды.
Мәселен, ардагер Ғанаят Қашқынбеков аудандық ауруханада МРТ аппаратының жоқтығын айтып, өңір басшысынан мәселені шешуге ықпал етуін өтінді.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев денсаулық сақтау басқармасына медициналық аппаратты сатып алуды келесі жылдың жоспарында қарастыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, азаматтар инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы саласы мен коммуналдық қызметтерге қатысты талап-тілектерін жеткізді.
Облыс әкімі халық көтерген сауалдарды мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес жауап берді. Айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізіліп, мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.
Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Мыңарал ауылына ат басын бұрды.
Әуелі «Shagala Mining» ЖШС катодты мыс өндіру зауытының құрылысы барысын тексеріп, мәселелерді жеке бақылауына алды.
Сонымен бірге «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-ның инвесторы – франсуздық «Vicat group» компаниясының басшылық құрамымен кездесті.
Ербол Қарашөкеев компанияның құрметті президенті Жак Мерсерон-Виканы өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасы және «Мойынқұм ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Қала мен аудандар бес жылдық даму жоспарларын бекітуі керек
- 12 сәуір, 2025
Серік Сәлемов Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді