
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» Бас директоры Болатбек Айтбаевтың қатысуымен өткен жиында мектеп оқушыларына нақ осы мәселелер жөнінде мол мағлұмат берілді. ZOOM режимінде өткізген онлайн-кездесуге еліміздің 18 өңірінен жоғары сыныптың 4 000-нан астам оқушы қатысып, оларға жоғары оқу орындарында автожол саласында білім алудың артықшылықтары туралы мол мәлімет берілді. Атап өтерлігі, дәл осы кездесуге Тараз қаласындағы №23 орта мектептің 30-ға жуық оқушысы да қатысты.
Болатбек Қобланбекұлы қатысушыларға 2025-2026 оқу жылындағы қабылдау ережелерін, «Көлік құрылысы» мамандығына бөлінетін мемлекеттік гранттар санын, оқуға түсу ерекшеліктерін, және факультеттер мен мамандықтар хақында айта келіп, оқу шарттарымен және мансаптық өсу мүмкіндіктерін таныстырды. Ол өз сөзінде түлектердің келешекте жұмысқа орналасуы мен оқу кезеңінде студенттердің өзін-өзі дамытатын мүмкіндіктері барын атап өтті.
Айта кетейік, биылғы оқу жылына мемлекет «Көлік құрылысы» білім беру бағдарламалары тобына 700-ден астам грант бөліп отыр. Ал, оқуға түсу үшін бейіндік пәндер – математика және физикадан 50 балмен өту мүмкіндігі қарастырылған. Анықтама үшін: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жыл сайын жастарға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорында студенттер ақылы өндірістік практикадан өтеді (80 мың теңге./ ай.). 243 студент ЖАСҰО-да тәжірибеден өтті, оның 19-ы кәсіпорынға жұмысқа орналасты.
ЖАСҰО қызметкерлері кәсіптік бағдар беру бағытында оқушылармен 7500-ден астам кездесу өткізді. Астана және Алматы қалаларының РФММ, BINOM SCHOOL меморандумдарға қол қойды. Сапа орталығының зертханаларында оқушылар үшін Ашық есік күндері үнемі өткізіледі. Онда іс жүзінде балаларға жолдың жай-күйі қалай анықталатыны көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Сталинге жазылған хатта Сарысудағы аштық айтылған еді
- 8 сәуір, 2025
Қақпа ашылып, қатынас жақсарды
- 8 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді