
Мемлекет басшысы жалпы еңбек қоғамын құру, жастарды кәсіптік салаға бейімдеу, жұмысшы кадрлар даярлау бағыттарында нақты тапсырмалар берген болатын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, қоғамда еңбекқор, нағыз кәсіби маман болу идеясын насихаттау қажеттігін айтты.
Дархан Кеңесбекұлының айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп еңбек нарығына мамандардың қажеттілігін болжау, дуалдық оқыту бойынша кәсіпорындар базасында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасуының мониторингін құру, республикалық, облыстық және аймақтық мақсатты бағдарламалардың орындалуына ықпал ету сынды жұмыстарды жүзеге асырып келеді екен.
– Биылғы жылы облыста 42 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында барлығы 2041 инженер-педагог қызмет атқаруда. Бұл мекемелерде 28219 студент білім алады. Оның 28 колледжінде 12300 студент жұмысшы кадрлар даярлануда. Кадрлар даярлау 104 мамандық және 139 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. 2024-2025 оқу жылына 70 мамандыққа 7486 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсе, оның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша – 3246, орта буын мамандықтары бойынша – 4240 студент қабылданды. Өңірде 2024 жылы өнеркәсіп саласында белсенді дамып келе жатқан бағыттарды анықтау, облыстың еңбек нарығына сай жаңа мамандықтар ашу, жұмыспен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кадрларға қажеттіліктің өңірлік картасы «Жаңа мамандықтардың атласы» жобасы іске қосылды. Жаңа кәсіптер атласында өңірге қажет негізгі 5 сала бойынша 68 жаңа, 17 жойылатын, 41 трансформацияланатын мамандықтар тізімі анықталды. Осы жобаның аясында колледждерде жаңа мамандықтар ашу жұмысы қолға алынуда, – дейді облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының директоры Дархан Кеңесбекұлы.
Ұйымды бір салаға бейіндеу, кәсіптік білім беру ұйымдарын ірі өндірістермен, университеттермен салалық кластерлер құру мәселелері бойынша білім басқармасы тарапынан 4 колледж 4 университетпен білім, техникалық, ақпараттық технологиялар, су, ауыл шаруашылығы салаларында мамандар даярлайтын 4 колледжге салалық кластерлер құрылып, серіктес жоғары оқу орны ретінде бекітіліпті. Кәсіптік білімнің ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында жоғары оқу орындарының білікті профессорлық-оқытушы құрамымен осы колледждерге қоса атқару негізінде 9 оқытушы тартылған.
«Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Автокөлікке қызмет көрсету», «Дәнекерлеу ісі», «Педагогика» бағыттары бойынша 5 тірек колледжі бекітіліп, тірек колледждерге осы бағыттар бойынша 30 магниттік колледж нақтыланыпты. Тірек колледждер магнитті колледждердің озық технологиялар мен білім беру стандарттарының тиімді орындалуына әдістемелік қолдау көрсетуде. Мұндай ауқымды шаралар жалғасын таба бермек деді баяндамашы.
Сондай-ақ, өткен жылы қазан айында орталықтан халықаралық бөлім ашылыпты. Халықаралық бөлім жұмысында облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп алыс-жақын шет елдегі колледждердің жұмыс тәжірибесі негізінде оқу үрдісін басқару жүйесін жетілдіруді ұйымдастыру қолға алынуда. Биылғы оқу жылында облыстағы колледждер Белоруссия, Сингапур, Түркия, Қытай мемлекеттеріне барып, халықаралық ынтымақтастық орнатуда. Атап айтсақ, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжі Сингапурлық білім беру контенттерін пайдалана отырып оқытудың үздік тәсілдерін тәжірибеге енгізуді қолға алса, №7 Бетқайнар колледжіне Қытай мемлекетінің «Халықаралық білім беру корпорациясы» тарапынан «Автокөлік құрастыру» мамандығын ашуға 100 миллион теңге инвестиция тартылыпты. Сонымен қатар, кадр дайындауда белгілі бір мамандығымен ерекшеленген Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің «ІТ», №7 Бетқайнар колледжінің «BK-7 Textile» мамандықтары бренд мамандық ретінде оқытыла бастапты.
– Колледждің инженер-педагогтерінің біліктілігін арттыру Оқу-ағарту министрлігінің «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында, «Өрлеу» орталығында ұйымдастырылып, өткен жылы жоспарланған 422 инженер-педагог курстан өтті. 2025 жылы 304 инженер-педагог, 17 басшылық құрам біліктілігін арттырады деп жоспарлануда. 2024 жылы 179 инженер педагогтер өңірлік кәсіпорындарда тағылымдамадан өтсе, биыл жылы 174 инженер педагог өз білімдерін кәсіпорын базасында жетілдірген. Қазіргі таңда колледждердегі 903-і инженер-педагогтің жаңа формат бойынша санаттары бар. Басшылық құрам бойынша басшы көшбасшы – 2, басшы- менеджер – 2, басшы-ұйымдастырушы – 1. 2025 жылғы 29 наурызына «Ұстаз» платформасы арқылы 501 инженер-педагог аттестациядан өтуге құжат тапсырды. Республикалық «Үздік педагог» атағын алғандар – 11, облыстық «Үздік педагог» атағын алғандар – 10. 2024 жылы «Білім туралы» Заңының 17, 20-баптарына сәйкес 468 білім беру бағдарламасы ресстрге тіркелсе, 2025 жылы оның саны 115-ке артады деп жоспарлануда. Оған сараптамадан өткен сапалы бағдарламалар ғана енеді. 2024-2025 оқу жылында облыстағы 37 колледжде 61 мамандық бойынша 8679, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 7321 студент дуалды оқытумен қамтылған, – деді ол.
Дуалды оқыту жүйесі бойынша 503 әлеуметтік серіктестермен 8679 келісім шарт жасалып, 524 маман тәлімгерлік етуде. Әлеуметтік серіктестердің 62-сі шаруа қожалығы, 174 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 155 жеке кәсіпкерлік, 112-сі мемлекеттік мекемелер болып саналады. Кәсіпорындағы 208 тәлімгердің 194-не колледж тарапынан, 14-не кәсіпорын есебінен еңбекақы төленуде.
Өңірде колледждерді немесе олардағы мамандықтарды ірі бизнес пен кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру практикасы енгізілді. Бүгінгі күні 30-ға жуық колледжді 120-дан аса кәсіпорын шефтік қамқорлыққа алу бойынша келісімдерге қол қойылған. Өткен жылы 6 инвестициялық жобаға 5 колледждің 27 түлегі 11 жұмысшы мамандықтарына жұмысқа нәтижелі орналасқан.
Биылғы жылы 51 инвест жобамен 1594 жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуы мақсатында 113 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. 1315 адамды қысқа мерзімді оқыту, 500 орын мақсатты тапсырысқа қабылдау, 3500 орын жұмысшы мамандарына кадр дайындау шаралары да жүзеге асырылады. Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету мақсатында халықаралық – 1 Agroskills, республикалық – 2 «Jas Skills», «MedikalSoftSkills», облыстық – 4 «Junior», «WorldSkills», «DeafSkills», «MamandykFest» конкурсын өткізу жоспарда бар екен.
Сондай-ақ, «Worldskills Kazahstan – 2024» чемпионатында облыс студенттері «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша І орын, «Бизнестегі ІТ шешімдер» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын және 11 медаль алыпты.
Еліміздің ертеңгі абыройын асқақтату – ол біздің бүгінгі өреңдеріміздің мерейлі міндеті. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді