Наурыз айының басында Парламент Мәжілісінде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат таныстырылды. Мемлекет басшысы аталған заң жобаларын іске асырудың маңыздылығын Жолдауда және биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде атап өтті. Заң жобалары жасанды интеллект технологияларын және жүйелерін пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын белгілеуге бағытталған. Аталған жобаның негізгі жаңалығының бірі – жеке деректерді қорғауға екпін қойылып отыр.
Облыстық мәслихаттағы Amanat партиясының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында партия облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Дауыл Бейсенқұлов фракцияның қарауына ұсынылып отырған «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын талқылау барысында ЖИ енгізудің саланың дамуына әсері немесе кері тежеуі туралы ойларымен бөлісіп, ортаға талқылауға салуды ұсынды.
Өңірдегі шаруалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығының өкілдері. Бүгінде бұл саладағы елеулі проблемалар және оларға жасанды интеллекті енгізудің әсері туралы «Бай-Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Айман Әшімова, мәдениет саласындағы жасанды интеллектінің әсері жайлы Сарысу аудандық орталық кітапханасының директоры Айтбала Жолмаханова, келесі басым салалардың бірі – білімге әсері мен болашақтағы перспективалары туралы білім саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков хабарлама жасады.
Фракция отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық филиал жанындағы «Әйелдер қанатының» кеңесшісі Айман Әшімова, экологиялық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңестің мүшесі Бақытжан Қалымбетов және өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің мүшесі Айдар Жузановтың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқаны барысында сайлаушылардан түскен аманаттардың, сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысы және депутаттық міндеттерін атқаруы туралы есептері тыңдалды.
Мұнан соң фракция мүшелеріне Жол картасында өздеріне бекітілген тармақтардың орындалуына талдау жүргізіп, тиісті органдарға сауалдар жолдап, партиялық рейдтер ұйымдастыру қажеттігі міндеттелді.
Дауыл Ынтықбайұлы депутаттардан депутаттық міндеттерін орындау барысында әлеуметтік желілерде белсенділіктерін арттыруды сұрады. Олар атқарған жұмыстарын желіге сала отырып, партияның жұмыс бағыттары бойынша пікірлерімен де бөлісудің қажеттігін еске салды. «Өткен жылдан депутаттардың қызметін бағалау бойынша рейтинг жүргізілуде. Бірінші жыл болғаннан кейін көп мәселе жылы жабылып кетті. Алдағы уақытта тоқсан сайын бағалау жүргізілетін болады», – деді партия филиалының төрағасы Д.Бейсенқұлов.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




