Өңірде мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 4,4 миллион гектарды құрайды.
2021-2024 жылдары 49,9 мың гектар алқапқа 94,8 миллион дана ағаш егіліп, жоспар толық орындалды.
Биыл 8,9 мың гектар алқапқа 16,1 миллион дана көшет отырғызу көзделіп отыр. Бұл жұмыстарға 181,6 миллион теңге қаралды. Қажетті көшет қоры жеткілікті.
Жыл сайын 240 гектар уақытша тұқымбақтарда қажетті көшет өсіріледі.
Өткен жылы мемлекеттік орман қорындағы 67 мың гектар алқаптың топырағына зерттеу жүргізіліп, орман дақылдарын өсіруге 34,5 мың гектар жердің жарамды екені анықталды.
Соңғы 4 жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникасын нығайту мақсатында 970,0 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға ормандарды молықтыру, күзету мен қорғауға қажетті техникалар мен агрегаттар сатып алынды.
Қазіргі таңда 1,8 миллиард теңгеге 60 бірлік өрт сөндіру техникасын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Орман шаруашылықтары елді мекендерді көгалдандыруды қамтамасыз ету үшін 763,8 мыңнан аса көшет өсіріп жатыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




