
Мен өзім нарды ойнауды жақсы көремін. Төбесінен төніп, ойындарына қызығып қарап тұрғам. Бәрі азартқа кіріп кеткен. Бір кезде терезеден сыртқа қарап отырған жігіт «ойбай, келе жатыр» деп еді, бәрі опыр-топыр болды. Нарды тақтасы аударылып ол қалды. Ыдыс-аяқ шашылып ол қалды. Өзімді таптап өтіп, бет-бетімен қашып, жан-жаққа тығылып жатыр.
Арттарынан мен де бездім. Жандәрмен үшінші қабаттың шатырға шығатын сатысына өрмелеп кеткенмін ғой. Бір кезде ойландым, «Әй, директор – мен емеспін бе? Кімнен қашып жүрміз?» Түссем, ешкім жоқ. Бірінші қабат жақтан айқай-шу естіліп жатыр. Әрең дегенде қашып жүргендердің біреуін тауып алып: «Не боп қалды? Кімнен қашып жүрміз?» деп сұрамаймын ба?
Сөйтсем, театрдың жанында азық-түлік сататын бір дүкен бар екен, соған біздің жұмыскерлеріміздің бәрі қарыз болған. Соның сатушысы келе жатыр екен.
Құрманғазы ДЕМЕШ,
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Жауынгердің ерлікке толы орық жолы
- 7 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді