Облыста алғаш рет жасалған инновациялық ота 47 жастағы тұрғынның үш жылдан бері мазалап келген дертінен айығуына оң септігін тигізді. Алғашында жай ғана ыңғайсыздық тудырғанымен, уақыт өте келе дерті асқынып, өмір сапасын едәуір төмендеткен. Бұл жағдай, әрине, оған қолайсыздық туғызып ғана қоймай, өмірі үшін жақындарын да уайымға салғаны белгілі.
Науқас бірнеше жыл бойы консервативті ем қабылдаған, алайда еш нәтиже болмаған. Ауру асқынған сайын, тіпті қарапайым әрекеттердің өзі қиындық тудырған. Ем іздеп, Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына барып, мамандардан кеңес алған. Дәрігерлер оған операция жасауды ұсынған, бірақ Жамбыл облысында да осындай отаны жасай алатын мамандар бар екенін білген соң, осында емделуді жөн көрген. Облыстық көпбейінді ауруханасының хирургия жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Ж.Сейдахметовтың жетекшілігімен жасалған ота сәтті өтті.
Бұл әдістің басты ерекшелігі – аз жарақаттайтын (малоинвазивті) хирургиялық тәсіл болуында. Операция барысында іш қуысы тілік жасалып ашылмайды, ал жалпы наркоздың орнына эпидуральды анестезия қолданылады. Яғни, науқас ота кезінде есін біледі, саналы күйде болады. Сондықтан, науқасқа аса қиындық туғызбайды.
Науқас ота жасалғаннан кейін алғашқы тәулікте-ақ өзін жақсы сезініп, үш күннен кейін ауруханадан шығарылды. Бұрын мұндай оталардан кейін реанимацияда бір күн жатып, палатада 7-10 күн ем қабылдауға мәжбүр болса, жаңа әдістің арқасында сауығу уақыты айтарлықтай қысқарды.
Осылайша енді жамбылдықтар алысқа сабылмай-ақ өз өңірімізден дертіне дауа таба алады. Әрине, бұл дәрігерлеріміздің үнемі ізденіс үстінде жүріп, кәсіби біліктіліктерін арттырып жүрген еңбектерінің арқасында мүмкін болған жетістік. Дегенмен, дәрігерлер тұрғындарға сәл сырқат сезінсе, бірден қаралып, денсаулығын тексертуді ескертеді. Сонда ауру да асқынбайды, емдеу шаралары да жеңілірек болмақ.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Медициналық қызметтің сапасын пациенттің өзі бағалайды
- 16 наурыз, 2026
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




