Бұл жолы қабылдауға 19 азамат келді. Олардың арасында Тараз қаласы мен Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындары бар.
Азаматтар денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, байланыс салаларына және жеке басына қатысты мәселелер көтерді.
Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке заң талаптарына сәйкес толыққанды жауап берді.
Қабылдауда Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары келіп түскен өтініштерге түсініктеме берді.
Облыс әкімі жауапты тұлғаларға тұрғындардың кейбір сауалдарын мұқият зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Еске сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізілуде.
Облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




