
Ел болашағы – жас білімгер ұрпақтың қолында дейміз. Олай болса, қалада білім алып жүрген студент жастардың қаржылық жағдайына жіті көңіл аударылса, дұрыс болар еді. Әсіресе өзін-өзі қаржыландыру жүйесінде оқитын студенттердің жағдайы назар аударуға тұрарлық деп ойлаймыз. Сондай-ақ жатақханадан орын жетпей, тұратын баспана іздеп, сабылып жүретін жастардың да жетіп-артылатыны тағы бар. Осындай жағдайлардың әсерінен ата-анасының қалтасына салмақ салғысы келмей, мәжбүрлі түрде жеңіл жолмен табыс тапқысы келетін студенттердің кездесіп жататыны жасырын емес. Мысалы, құмар ойындар арқылы қаржы тауып, қажетін өтеп жүргендер де баршылық. Сонымен қатар, мейрамханалар мен түрлі дүкендерде түні бойы жұмыс істейтін студенттердің де қарасы қалың. Таңға дейін жұмыстан шаршап-шалдығып шыққан жастардың білім алуға деген ынтасының төмендейтіні айтпаса да түсінікті.
– Жақында ойда жоқ жерден қала ішіндегі жолақысының 85 теңгеден 100 теңгеге қымбаттауы онсыз да қаражаттан қысылып жүрген біз сияқты студенттердің қалтасына салмақ салды. Салыстырып қарасақ, еліміздің өзге өңірлерінде, яғни Астана, Алматы, Ақтау және басқа да қалаларда қоғамдық көліктерде студенттерге қолайлы жеңілдіктер қарастырылған. Тараз қаласында да студент жастар үшін осындай жеңілдіктер жасалса, оның өзі біршама пайдалы болар еді деп ойлаймын. Әсіресе, оқу орындарының ақылы бөлімінде оқитын, пәтер жалдап тұратын студенттер үшін едәуір демеу болары анық, – дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Асықбай Ноян.
Иә, еліміздің бірқатар өңірлеріндегідей біздің Тараз қаласында да студенттер үшін жол жүру ақысына жеңілдіктер қарастырылса, бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау болары сөзсіз.
Аят БАТЕЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Батырдың ұрпағы болу - мақтаныш әрі жауапкершілік
- 29 мамыр, 2025
Жапырағын кеңге жайған жанұя
- 29 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді