Ұлттар арасындағы берік байланыс пен мызғымас достықтың айғағындай болып байтақ Қазақстанның әрбiр облысында ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың негізгі мiндетi – өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету. Мұны нағыз шынайы демократияның, Президенттің өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi деп білген жөн.
Қазақстан – құшағы ыстық, құлашы кең, байтақ өлке, іргесі мығым мемлекет. 130-дан астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бұл сөзімізге айқын айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкілі бір елде тұрып, бір мақсатқа жұмылып өмір сүріп келе жатқандығы – ең алдымен берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасы.
«Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қарашаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақса-тымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын», деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тебірене сөйлегенін жақсы білеміз.
Ұлттардың бір-бірімен бейбіт, өзара келісімде өмір сүруі және ортақ тіл табысып, бір-бірін түсіне алуы үшін де ортақ тіл қажет. Ол ортақ мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Түрлі ұлттың өкілі тұрып жатқан елдің дәстүрі мен өмір сүру құндылықтарын жетік сезінуі және өзара түсінуі үшін де мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары болуы қажет. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйреніп, білуге қызығушылық танытып отырған өзге ұлт өкілдерінің саны күн санап артып келеді. Бұл, әрине, көпұлтты Қазақстанның үлкен жеңісі мен мерейлі мәртебесі. Болашақта ана тілді оқып, білуге қызығатын өзге ұлт өкілдерінің көп болып, қасиетті тіл тұғырының асқақтай беретініне кәміл сенеміз!
Айгүл ТӨРЕБАЕВА,
облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінің меңгерушісі.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




