Жиында облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуына байланысты қашықтықтан жүргізілген тексеру қорытындылары баяндалды.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің, сондай-ақ Мойынқұм ауданы әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024-2025 жылдар аралығында атқарылған жұмыстарының нәтижелері талқыланды. Бұған қоса облыстық мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2025 жылдың ІІІ тоқсанында орындаған жұмыстарына жасалған талдау ұсынылды.
Кеңес мүшелері профилактикалық бағыттағы мәселелерді қарап, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын күшейтуге бағытталған тиісті ұсынымдар қабылдады.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




