Биылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша күтілетін өзгерістер
- author «Ақ жол»
- 27 наурыз, 2025
- 303

Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz), «e-Salyq Azamat» (салық әмияны), «eGov mobile», «Halyk», «Банк Центр кредит» және «Kaspi» мобильді қосымшалары арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер іске асырылды.
2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды. Бұл шамамен 8 миллион адам, оның ішінде жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар бар.
Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ел аумағынан тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылады.
Бұған мемлекеттік органдардың деректер қорын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі, автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржы шоттары бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлық қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етеді. Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамына қатысты.
Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі. Бірақ болашақта 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс.
Сонымен қатар, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілді. Жыл сайынға кірістер мен мүліктер туралы 270.00 нысан декларациясы мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары мен құрылтайшыларына және олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде активтері және дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғаларға сақталады.
Гүлнұр АБДАЛИЕВА,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді