«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Екі мектепке 2 миллион теңгеден сый жасады

Екі мектепке 2 миллион теңгеден сый жасады
Ашық дереккөз
Елімізде «Жомарт түлек» деген жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Осы жоба аясында да белгілі кәсіпкерлер, танымал өнерпаздар ауылға мойын бұра бастады. Әрине, олар оған дейін де туған жерін ұмытпаған. Ал, аталған жоба олардың ауылы мен білім алған мектебіне деген жүрегінің түкпірінде жатқан аяулы сезімін оятып жібергені анық.Сондай жомарт түлектің бірі – Досымхан Аралбаев.

Досымхан Әлішұлы осыдан 50 жыл бұрын Талас ауданы, Кеңес ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті үздік бітіріп шыққан азамат. Содан бергі жылдардың баршасында да ол атамекен ауылын, ыстық ұя – түлеп ұшқан мектебін ұмытқан емес. Қазіргі таңда Кеңес ауылдық округіне Бөлтірік шешен және Көшек ауылдары қарайды. Екі ауылда да орт а мектеп бар. До сымханға атте стат берген мектеп Бөлтірік шешен ауылында орналасқанымен, Досекең бір округтің аумағындағы Көшек ауылын, ондағы өзі 8 жыл оқыған Жамбыл орта мектебінің жағдайын да бір сәт назардан шығарған емес. Әрине, кең ойлай білетін, ауқымды түсінетін азаматтың ісі осындай болса керек. Аралбаевтың осы кезге дейін де аталған екі мектепке үйіп-төгіп жасаған жақсылықтары мен демеушілік сәттері аз емес. Онысын бұлдап, бір жерде мақтанышпен айтып, ыңыранған кезі де жоқ. Ал, жақында ол аталған білім ошақтарындағы ел болашағы саналған жеткіншектерді тағы да тамаша сыйлығымен қуантты. Ол екі мектептің де мәжіліс залдарына жоғары сапалы, соңғы технологиялық үлгідегі LED экран орнатып берді. Оның құны 1 миллион 500 мың теңгені құраса, сонымен қатар 500 мың теңгелік заманауи, жоғары сапалы компьютерді де қоса сыйлады.

Екі мектепке де 2 миллион теңге көлемінде қайырымдылық жасап, бас-аяғы 4 миллион теңгенің сыйлығын беріп, оны шәкірттік парызым деп бағалады. «Бұл ешқандай мақтаныш емес. Өзіме білім берген, тәрбие берген ауылыма, сондағы мектептерге құрметім. Менің ізбасар іні-қарындастарым қиналмай, жаңа заманауи дүниені пайдаланып, қатарынан қалмай өссін деген тілек» дейді кәсіпкер. Ал, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Берік Сыдық: «Біздің мектеп осындай қолы ашық, ауылына деген жанашырлығы мол түлегімен мақтанады. Ағаның көмегін ауылдың әр баласы сезініп, сенімді ақтаймыз деп оқу үлгерімдері мен тәрбиелерін түзеп, жақсы жағына өзгеріп жатыр.

Ағаның қолдауына мың рахмет» десе, Көшек батыр ауылындағы Жамбыл орта мектебінің директоры Жылжанат Жантайбекова:

«Досымхан ағай бұрын да жанашырлық танытып жүретін. Біздің білім ошағына жаңа перделер әперіп, жарықтандыру жұмысына да көмектесті. Ал, мынау сыйы ауылымыз үшін өте үлкен қуаныш болды. Заманауи жаңа үлгідегі қондырғы – алыс ауылдың балалары үшін тамаша сый. Енді шәкірттеріміз де, мұғалімдер де осы талапқа сай болу үшін жауапкершілікпен еңбек ететініміз анық», – дейді.

Ауылынан бар жақсылығын аямаған осындай жомарт жандардың ортамызда жүргені қандай жақсы!

 

Есет ДОСАЛЫ

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар