58 жастағы науқас бұған дейін де осындай мәселеге тап болған. Бір жыл бұрын Алматы қаласында оған ұйқы безіндегі кистаға байланысты операция жасалған. Алайда, соңғы алты айда іштің жоғарғы бөлігінде ауырсыну күшейіп, науқас қайтадан дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Кешенді тексеру жүргізіліп, магниттік-резонанстық томография (МРТ) нәтижесінде ұйқы безінің денесі мен артқы бөлігін толықтай қамтитын, көлемі 9,0×7,0 сантиметр рецидивті (қайталанған) киста анықталды.
Науқас облыстық көпбейінді ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылып, оған асқазан асты ұйқы безінің дистальді субтотальды резекциясы көкбауырды сақтай отырып жасалды. Операция заманауи жоғары дәлдіктегі хирургиялық әдістерді қолдана отырып жүргізілді. Хирургтер ұйқы безінің зақымдалған бөлігін алып тастап, көкбауырдың сақталуын қамтамасыз етті. Мамандардың кәсібилігінің арқасында операция асқынусыз аяқталды. Дәрігерлер мұндай жоғары технологиялық операциялардың өңірдегі науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қамар ҚАРАСАЕВА.
Ұқсас жаңалықтар
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Әрбір бесінші бала алыстан көрмейді
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




