Пациенттің анамнезінде асқазан асты безі қатерлі ісігі анықталды. Ол облыстық онкология диспансерінде есепте тұрып, тиісті емдер алған. Алайда, соңғы уақытта науқастың жағдайы күрт нашарлап, асқазан асты безінің ісігі іріңдеп жарылып, асқазан-ішек жолдарынан қан кетуі басталған. Бұл жағдайда жедел хирургиялық араласу қажет еді. Облыстық көпбейінді аурухананың дәрігерлері науқастың өмірін сақтау үшін гемостатикалық және гемотрансфузиялық емдер жүргізді. Науқастың жағдайы біршама тұрақтанғаннан кейін, күрделі операцияға дайындық басталды.
Операция барысында хирургтер асқазанның артқы қабырғасына жабысып өскен ұйқы безінің ісігін анықтады. Ісік жарылып, іріңдеп қан кетуі байқалды. Облыстық аурухананың хирургиялық командасы жоғары кәсібилікпен бұл қиын жағдайды шешіп, ұйқы безінің гастропанкреатодуоденальды резекциясын сәтті өткізді. Хирургтер мен медициналық топтың бірлескен жұмысының нәтижесінде ота толықтай сапалы жүргізілді. Хирургиялық араласудың нәтижесінде науқастың жағдайы тұрақталды.
Айта кетейік, облыста медициналық қызмет көрсету деңгейі жыл өткен сайын артып келеді. Мұндай күрделі оталар мен заманауи емдеу әдістері науқастардың өмірін сақтап қалуға үлкен мүмкіндік береді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




