Тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Тараз қаласында да осынау экоакцияға өз үлесін қосушылардың қатары қалың. Мәселен, Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес, «Тазару күнінде» көне қаланың аумағында ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл күні облыс орталығының бірнеше нүктесінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, онда тараздықтар іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды күл-қоқыстан арылтты. Тазалық жұмыстары жүргізілген орынның бірі – «Қарасу» шағынауданында орналасқан Денсаулық саябағы. Мұнда облыстық жастар ресурстық орталығының және «Жасыл ел» еріктілер жасағының 50-ден аса жастары арық-атыздар мен тасжолдағы күл- қоқыстарды ретке келтірді.
Еске салайық, осы жылдың наурыз-сәуір айларында облыс көлемінде 10,9 мың ағаш отырғызу, 17 мың шаршыметрге гүлзар мен 5,7 мың шаршыметрге көгал орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйесі мен каналдарды, сондай-ақ 2 781 шақырым көше жолдарын тазалау жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл жұмыс кестеге сәйкес кезең- кезеңімен жүргізілуде.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Өңірде жол жөндеу бойынша 76 жоба іске асады
- 11 сәуір, 2026
Күйік асуындағы жол құрылысы аяқталып келеді
- 7 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




