
Облыс бойынша 371 елді мекенде қоршаған ортаға эмиссиялары бар 163 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны орналасқан. Оның 159- ы коммуналдық меншікте, 4-уі жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген екен. Бүгінгі күнге полигондарда жалпы 3,2 миллион тоннадан аса тұрмыстық қалдықтар жиналыпты. 2024 жылы жинақталған қоқыс көлемі – 58,7 мың тонна, бөлек сұрыпталған қалдықтардың үлесі 20 пайызды құраған.
– Жалпы, облыста тұрмыстық қатты қалдықт арды шығару қызметі бәсекеле стік ортаға берілген. Бұл қызметпен 40 мекеме айналысады. Оған 191 бірлік техника жұмылдырылған. 792 күл-қоқыс алаңшаларында 4 102 дана контейнер орналасқан. Оның ішінде 700 дана полиэтилен, пластик қалдықтарын жинауға арналған торлы контейнер, 106 дана құрамында сынап бар шамдарға арналған жабық контейнер, 3296 дана тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған контейнер бар. Күл- қоқыс алаңшаларынан күнделікті шығарылатын тұрмыстық қатты қалдықтардың орташа көлемі 1200-1300 текше метрді құрайды. Бекітілген кестеге сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі көпқабатты тұрғын үйлерде күнделікті, жеке секторларда белгіленген күндері аптасына 2 рет көрсетілуде. Облыстық экология департаменті тарапынан кездейсоқ тұрмыстық қатты қалдықтардың орнын анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бағдарламасы арқылы ғарыштық мониторинг түсірілімі жүргізіліп келеді. Өткен жылғы мониторинг нәтижелері кезінде 343 кездейсоқ қоқыс учаскесі анықталып, белгіленген мерзімдерінде толық жойылды. Осыған орай, Жамбыл облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынымы негізінде анықталған кездейсоқ тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 324-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 414,380 мың теңгеге айыппұл салынды. Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының т апсырмасына сәйке с 2024 жылдан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Экологиялық акцияның шеңберінде облыста «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» акциялары өткізілді. Акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі,137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 875 тонна қоқыс шығарылды, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Жалпы 1 110 техника жұмылдырылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген іс-шараларға тұрақты ақпараттық қолдау көрсетілуде. Экологиялық акцияның шеңберінде облыста «Үлгілі ауыл» конкурсы өткізіліп, жеңімпаздарға комақты жүлделер табысталды, – деді Қанатбек Қайшыбекұлы.
Жалпы, биыл да бұл акция жалғасын таппақ. Бүгінгі күнге осы платформа арқылы аумақтарды күл-қоқыстан тазартуға қатысты 426 өтінім түскен. 2025 жылы облыс бойынша елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстарына 2,4 миллиард теңге бөлініпті. Ал, көгеріштендіру жұмыстарына биыл 1,2 миллиард теңге қаралған.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді