Тараз қаласы Әулиеата ауданы №5 шағынауданында «Таза аула – таза қала» атты экологиялық байқау өтті. Шара аясында тұрғындар аула ларды күл-қоқыст ардан тазартып, арнайы орындарға апарып төкті.
– Тазалық – т аза ауладан басталады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында арнайы аула тұрғындары арасында байқау өткізіліп отыр. Қала тұрғындарының шараға белсене қатысуы көңіл қуантуда. Осындай бағытт ағы шара лар арқылы өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті қалыптастыра аламыз деген сенімдемін, – деді Әулиеата ауданы әкімінің міндетін атқарушы М.Нұрмаханов.
Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да жалғасын тапты. Атап айтқанда, Талас ауданының Қаратау қаласында және Шу ауданының Шу қаласында «Таза аула», Сарысу ауданының Жаңатас қаласында «Таза қала» байқаулары ұйымдастырылды.
Айта кетейік, биыл облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген. Ағымдағы жылы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жалпы 8,3 миллиард теңге қаралған болатын. Бұл қаражатқа тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау, саябақ пен сквер аумағына санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Облыс бойынша көктемгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы жарияланып, ол 1 наурыздан басталды. Бұдан бөлек, наурыз- сәуір айларында «TazaLike» іс-шарасы өткізіледі.
Жыл ішінде экологиялық акцияның шеңберінде «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі аула» облыстық конкурсы қайта өткізіліп, жеңімпаздарға комақты жүлделер табысталатын болады.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




