
Әуелі облыс әкімі Меркі ауданы ауруханасына түскен балалардың жағдайымен танысып, сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұдан соң туындаған жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді.
Меркі ауданы әкімі Ербол Жиенқұловқа оқиғаға қатысты ақпаратты дер кезінде хабарлау, сырқат балалар мен олардың ата-аналарына жан-жақты қолдау көрсету жүктелді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев пен денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевқа балалардың жүй-күйін назардан тыс қалдырмай, аурудың одан әрі өршуіне жол бермеу тапсырылды.
Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қызылқұловаға ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту ескертілді.
Облыс әкімі аталған оқиғаны жеке бақылауда ұстайтынын айта келе, кемшілікке жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қаралатынын қатаң түрде ескертті.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 17 наурызы күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Ойтал ауылы «Нұрай» жекеменшік бөбекжай-бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жедел жұмыс тобы құрылып, орын алған жағдайды зерделеп, әр баланың жағдайымен танысып, ата- аналарымен сөйлесіп, тиісті шаралар қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда 14 бала мен 1 ересек адам ауруханада, 9 бала үй жағдайында ем қабылдап жатыр. Ауруханаға жатқызылған балалардың 10-ы бөбекжай тәрбиеленушісі болса, біреуі үш айлық бүлдіршін, үшеуі түрлі мектептердің оқушысы.
1 бала жан-жақты тексеру және ем алу үшін облыс орталығына жеткізілді.
Меркі аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын бастап, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бөбекжай-бақшаның жұмысын уақытша тоқтату туралы қаулы қабылдады.
Қазіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді