Тараз қаласындағы облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына да тоқтаған Ақмәди Әділұлы мұндағы жұмыстың барысын көрді. Орталықты аралап, қызмет түрлерімен танысты. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйле стіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Еркін Егемберді ұлының айтуынша, мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бүгінде бұл орталықта 68 балаға оңалту қызметтері көрсетіледі. Екі қоғамдық көлік қызметке пайдалануда. Ақмәди Әділұлы балаларға көрсетілетін қызмет түрлеріне назар аударып, тәрбиешілермен пікір алмасты.
Іссапар қорытындысында вице-министр Ақмәди Сарбасов азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Атомға бай елде АЭС-тің болмауы абсурд
- 15 қаңтар, 2026
Жаңа автобустар жаңа бағытпен жүреді
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




