
Қазіргі кезде қыспаққа алатын ешкім жоқ. Ізденген, талаптанған адамға барлық мүмкіндік жасалған.
Қазіргі танда оқу үрдісінің талаптары да мұғалімнің құзырлық деңгейіне қойылатын жаңа талаптарды қоюда. Технологиялар және нарық құрылымы бүгінгі таңда бұрынғыдан да тез өзгеруде. Бұл өз кезегінде білім саласындағы саясаткерлер мен колледж мұғалімдері алдына үлкен талаптар қойып отыр. Соның бірі – колледж мұғалімдерін қайта даярлықтан өткізуге бағытталған Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының жетілдірілген деңгейлі бағдарламасы.
Білімімізді жетілдіруде тәжірибелі тренердің еңбегі орасан зор болды. Жаңа технологияларды оқыту үдерісіне тиімді енгізу арқылы білім беру саласында студенттер үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды екендігіне көз жеткіздім.
Оқыту үдерісіне таңдау, әдетте, сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ғылыми зерттеулер нәтижелері дәстүрлі оқытуға қарағанда орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқытуға негізделген тәсіл, кең тараған және осындай оқытудың бір түрі диалогтың маңызды рөл атқаратындығын көрсетті.
Әр мұғалім өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Студенттер өз пікірлерін, көзқарастарын еркін, ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын.Тек білдіру аздық болады, сонымен бірге өз пікірлерін, ойларын дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де жүзеге асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. Мұғалімге арналған нұсқаулықтан білім берудегі сындарлы оқыту әдісінің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді тәжірибе жүзінде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Жүйемізде шығыстық дәстүрді алып, ғылым мен технологияларда батыстық ұстанымды білім беруде үйлестіріп шебер қолдансақ – біздер тәрбиелеп, оқытып жатқан студенттер кез келген елдің баласымен ақыл-ой жағынан дамыған, өзіндік ой-пікірін керек жерінде орынды айта алатын, өзін-өзі реттей алатын бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны өмір сүре білуге дайындай аламыз деп ойлаймын.
Айдана КАДИРОВА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді