
– Қазақ халқында шаңырақ ұғымының ауқымы өте кең. Әр отбасының, әулеттің ынтымақ пен бірлігі, жарасымы маңызды. Сондықтан, «Шаңырақ» күніне ерекше мән берілуі түсінікті. Сіздерді «Шаңырақ» күнімен құттықтаймын. Әр ана мен балаға зор денсаулық, жақсылық пен бақыт тілеймін. Отбасында да береке- ынтымақтарыңыз арта берсін, – деген Серік Жақсылықұлы жаңадан сәбилі болған 9 анаға гүл шоқтарын ұсынды.
Наурыз мереке сі қарсаңында және ораза айында өмірге келген соң болар, екі сәбидің есімі Рамазан деп қойылыпты. «Бесінші перзентімді бо сандым. Алланың қалауымен төртінші ұлымыз өмірге келіп жатыр. Есімін әулеттің үлкендері Рамазан деп қойды. Қасиетті айда дүние есігін ашқан баламыздың өмір жасы ұзақ, көрер жақсылығы көп, нәсібі мол болсын деп тілеймін. Құттықтап келіп жатқан облыс басшыларына рақмет. Қазақ халқының, оның ішінде біздің өңір тұрғындарының саны молая берсін. Заманымыз тыныш болсын, – деді тараздық көп балалы ана Жазира Олжабаева. Ал, Жамбыл ауданы, Шәкен Ниязбеков ауылының тұрғыны Зәуре Қыдырдың да кішкентай сәбиінің есімі – Рамазан. «Бұрын екі қыз, екі ұлымды өмірге әкелгенмін. Олардың кішкентай інілері Рамазан өмірге келіп жатыр. Әулетіміз бен отбасымыз қуанышқа бөленуде. Перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері мен мейірбикелеріне, тазалыққа жауапты қызметкерлеріне дейін алғыс айтамын», – дейді ол. Екінші перзентін босанған Байзақ ауданы, Құмжота ауылынан келген жас ана Қаракөз Дүйсенбайқызы 20 жасқа енді толады екен. Үлкен қызының есімі Айлин болса, өмір есігін жаңадан ашқан екінші нәрестенің есімі – Айдай. Қаракөздің жүзінен шаттық, қуаныш, бақытты байқадық. Жас әке, шаруа қожалықта еңбек етіп жүрген Амалбек Ешенқұловтың да қуанышында шек жоқ екені айдан анық.
– Біздің өңірде туу көрсеткіші республикада алдыңғы орындарда. Ал, көп балалы аналардың саны жағынан Түркістан облысынан кейінгі екінші орында тұрмыз. Орталықта әр тәулікте шамамен 20-25 ана өмірге сәби әкеледі. Жылына орта есеппен 4-5 үшем, 200- ге жуық егіздер өмірге келіп жатыр. Бізде ана мен балаға барлық жағдай жасалған. Тіпті, 500 грамм болып өмірге келетін сәбилер бар. Оларды күтімге алып, бірнеше күннің ішінде 2 килограмға жеткізіп, қайтарамыз. Орталықта бо санатын аналарға арналған төсек саны 305 болса, дәл қазір 300-ге жуық ана жатыр, – дейді аталған перинаталдық орталықтың бас дәрігері Асхат Сейітжанов.
Шаңырақ күні ана мен балаға құрмет көрсету барлық аудан, ауылдарда да жалғасын тапты.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуеті мығым елдің ертеңі жарқын
- 15 наурыз, 2025
Ықпалды құрылымға айналған Құрылтай
- 15 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді