«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: Richard Pelham/Getty Images
Бұл туралы Президенттің Баспасөз қызметі хабарлады.

– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Айта кетейік, отандасымыз Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыласын ойсырата жеңіп, қазақ бокс тарихында қыздар арасында үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Ол 48 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесуде Ресей өкілі Юлия Чумгалаковадан 5:0 есебімен басым түсті.

Ұқсас жаңалықтар