Тарақұл каналының қармен бекітілуіне байланысты көлбеу су ауылдағы Қ.Естайұлы және Бектаналы көшелерінің бойымен (жол бойы) су ағып өткендігі анықталған.
Жағдайды бірден облыс әкімі назарға алып, оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен аудан әкімі барып, дер кезінде тиісті шаралар атқарылды.
Жергілікті атқарушы органдардан, ТЖД, ерікті жасақшылардан жалпы 55 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылып, су бұру жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде, су егіс алқабы арқылы Теріс өзеніне тасталды.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында арық бойларына жасанды бөгеттер салынып, кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Зардап шеккендер жоқ. Тек бір-бір үйдің ауласына су ғана кірген.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық рухымыз әрдайым биік болсын
- 5 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




