Қаламгер-журналист Марат Құлибайұлының шығармашылық кеші өтті
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2025
- 1.2k
Іс-шара аясында қаламгер «Мейірім», «Жұлдызы биік Жуалы», «Апамның аялы алақаны», «Қолқанат» атты тарихи-танымдық шығармаларына кеңірек тоқталып, оқырман сұрақтарына жауап берді.
Әдеби-сазды кеш барысында «Aq jol» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, айтыскер ақын Есет Досалы кеш иесіне жүрекжарлы арнауын арнаса, кештің сыйлы қонағы, қаламгердің аяулы анасы Нұрғаным Рахымбекқызы ұйымдастырушыларға алғысын айтып, барша оқырмандарға ақжарма тілегін жеткізді.
Аталған мектеп оқырмандары қаламгердің «Бейбітшілік құсы», «Жеті ата» әңгімелерінен көрініс қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жазушының құрметіне арнап «Балдырған» және «Жыл – он екі ай» республикалық журналдарының редакция алқалары құттықтауларын арнайы бейнебаянмен жолдады.
Кеш соңында кітапханашы «Балалар әлемінің бағбаны» атты кітап көрмесімен таныстырып, өнер көрсеткен оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




