
– Облысымызда 79 бұқаралық ақпарат құрал бар екен. Соның барлығында қаламы қарымды арулар жұмыс істейді. Олар жедел әрі нақты ақпарат таратуда айрықша басымдыққа ие. Қыз жүрген жер береке. Қай бір жұмыс орны болмасын онда қыз баласы болса жұмыс та, үй де гүлдене түседі. Қазақ халқы қызды сыйлаған. Төрге шығарған. Бүгін біз де әйел- аналарды ата-бабамыздың көрсеткен үлгісіндей сыйлап, қадірлеп, үлгі тұтамыз. Мерекеге орай бүгін Одаққа мүшелікке өткендердің дені – әйел адамдар. Сіздерсіз біздердің күніміз қараң. Отбасы мен қызметті қатар алып келе жатқан нәзікжандылардың бәріне басымды идім. Журналистер одағына мүше болу – үлкен сенім. Қаламгерлер атына кір келтірмей абыройлы қызмет ету – парыз. Сіздерді осы сенім үдесінен шығады деп білемін, – деді Жаңабай Миллионов.
Іс-шараға «Мархабат» республикалық журналының бас редакторы, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімінің басшысы Бекнұр Сатыбалдиев, облыстық «Ar-ai» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбек, қалалық «Jambul- Taraz» газетінің бас редакторы Саятхан Сатылғанов қатысып, аруларға ізгі тілектерін жолдады.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындардың қауіпсіздігі тұрақты назарда
- 15 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді