
– Әйел-ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Бүгінде қазақ қыздары қоғамның барлық саласына еркін араласып, тамаша табыстарға қол жеткiзiп келедi. Бұл – біз үшін, ерлер қауымы үшін, үлкен мақтаныш, биік мәртебе. Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Бүгінде әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, көпбалалы аналарды қолдау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағытта Тараз қаласында да ілкімді істер жүзеге асырылуда, – деген Бақытжан Әмірбекұлы өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қыз-келіншекке Алғыс хаттар пен Құрмет грамоталарын табыстады.
Ақ тілектер легін Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай жалғастырып, жылы лебізін жолдап, еңбегімен еленген аруларды арнайы марапаттады.
Бұдан кейін медицина саласының ардагері Жұмакүл Абылгазина, білім саласының озық қызметкері, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Мария Айтбекова, Тараз қалалық прокуратураның аға прокуроры Жадыра Елеукұлова, бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері, бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС 4 разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтері Елена Гергенридер және өзінің бес баласынан бөлек, мүмкіндігі шектеулі 20 балғынды қамқорлығына алып, бауырына басқан көпбалалы патронатты отбасының ұйытқысы Мадина Жорабаева ыстық ықыластарын білдірді. Ару аналар қала басшылығына ризашылықтарын жеткізді.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуеті мығым елдің ертеңі жарқын
- 15 наурыз, 2025
Ықпалды құрылымға айналған Құрылтай
- 15 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді