
Дәрігерлердің құқығын қорғау мәселесі бүгінгі таңда ерекше маңызды. Өйткені, медициналық қызмет көрсетушілердің жұмыс жағдайлары мен олардың құқықтарын қорғауға қатысты көптеген мәселелер бар.
Дәрігерлердің құқықтары мен міндеттері өзара байланысты. Олардың кәсіби қызметі жоғары деңгейде білім мен шеберлікті талап етсе де, кейбір жағдайларда олар қауіпті жағдайлар мен жауапкершіліктерге тап болуы мүмкін. Дәрігерлердің кәсіби тәуелсіздігіне келсек, олар науқастың денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, медициналық шешімдер қабылдауға құқылы. Құпиялылығы – дәрігерлер пациенттің жеке өмірін құрметтеуге және медициналық құпияны сақтауға міндетті. Дәрігерлер заңды түрде өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну немесе кәсіби ұйымдарға хабарласу мүмкіндігіне ие.
Дәрігерлердің еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғау мәселелеріне тоқталсақ, медициналық қызметкерлердің еңбек шарттары мен әлеуметтік қорғау мәселелері жиі назардан тыс қалатынын айтқан жөн. Дәрігерлер өз қызметін адал атқаруға барынша тырысса да, кейде олардың еңбек жағдайлары тиісті деңгейде реттелмейді. Олардың құқығын қорғаудағы басты мәселелерін атап өтейік. Біріншіден, еңбек қауіпсіздігі, яғни дәрігерлерге жұмыс орнында қауіпсіздік шаралары мен жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс. Медициналық мекемелердегі инфрақұрылымның жетіспеушілігі мен жабдықтың ескіруі қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Екіншіден, жалақы мен еңбек ақысы. Көп жағдайда дәрігерлердің жалақысы олардың атқаратын жұмысына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, көп жағдайда дәрігерлердің артық жұмыс жасауы мен қосымша уақытқа төленетін еңбекақы мәселесі де шешімін таппайды. Үшіншіден, қоғамдық және психологиялық қысым. Дәрігерлер әрқашан қоғамның жоғары талаптарына сай жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл олардың кәсіби біліктілігін арттыруды қажет етеді. Бірақ көп жағдайда бұл міндеттер оларды психологиялық тұрғыдан шаршататын факторға айналады.
Дәрігерлердің құқығын қорғаудың жолдарына тоқталсақ, ақ халатты абзал жандардың құқығын қорғау үшін бірнеше шараларды қабылдау қажет. Мәселен, құқықтық білім беру, яғни дәрігерлер өз құқықтарын толық білуі қажет. Оларға медициналық құқық туралы ақпарат беру, олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету маңызды. Кәсіби ұйымдардың қолдауы өте қажет. Дәрігерлердің құқығын қорғау мақсатында кәсіби ұйымдар мен ассоциациялар маңызды рөл атқарады. Олар заңды мәселелерде дәрігерлерді қолдауға, талаптарды қанағаттандыруға және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге көмектесе алады. Қоғамдық қолдау мен түсінік те маңызды. Яғни, дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың кәсіби қызметіне қолдау көрсету қажет. Қоғам тарапынан дәрігерлерге деген құрмет пен сенім олардың жұмысына ынталандыру болар еді.
Дәрігерлердің құқығын қорғау – бұл тек медициналық қызметкерлер үшін маңызды мәселе ғана емес, сонымен қатар қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету үшін де үлкен мәнге ие. Олар өз міндетін орындау барысында әртүрлі қиындықтар мен қауіптерге тап болады. Бірақ, әрқашан кәсіби біліктілік пен адалдықты сақтап қалуға тырысады. Сондықтан, дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құқықтық, әлеуметтік және кәсіби қолдауды қамтамасыз ету өте маңызды.
Гүлмайра МОМБЕКОВА,
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Вакцинация бағдарламалары жалғасады
- 6 наурыз, 2025
Туберкулезбен күрес айлығы басталды
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді