Жақында осы шығармашылық бірлестіктің алғашқы жинағының таныстырылымы Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханасында ұйымдастырылды.
– «Әулиеата шайырлары» шығармашылық бірлестігі облыстың ақын, жазушы, сазгер, әншілерінен құралған. Бүгінгі күні құрамында 48 қаламгер бар, оның ішінде 43 ақын болса, үшеуі прозашы, тағы үшеуі сазгер және бір әнші бар. Алғашқыда алты ақыннан құралған шығармашылық бірле стігіміздің құрамы күннен күнге артып келеді. Өткен жылы бес мүшайра өткіздік. Мүшәйра жеңімпаздары бірлестігіміздің Дипломымен, Алғыс хатымен марапатталып, есімдері бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды. Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсанында бірлестіктің бір жылдық құрылтайы мен алғашқы жинағының тұс ауке с ері Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілді. Жуырда ғана Мұқаға ли Мақатаевтың туған күнінде ақиық ақынға арна лған мүшайра ұйымдастырдық. Жеңімпаздарға бірлестіктің марапаттарымен бірге қаржылай сыйақы табыстадық. Бұйыртса, жақында балаларға арналған өлең, әңгімелердің жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз. Кітапқа енгізілетін туындылар міндетті түрде көркемдік кеңестің талқысынан, сараптауынан өткізіледі. Мүшәйраларымызға қазылық ететін алқаға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері енгізіліп, нағыз шебер жазылған өлеңдер ғана іріктеледі. Алдағы уақытқа көздеп отырған басқа да жоспарларымыз бар, – дейді «Әулие ат а шайырлары» шығармашылық бірлестігінің басшысы Мұхит Есіркепов.
Бұл бірлестіктің құрамында облысымыздың тұрғындары болғанымен, ұйымдастыратын іс-шараларына көршіле с қырғыз елінің де ақын- жазушылары атсалысады. Ал, шығармашылық бірлестіктің негізгі көздегені – халықтың шығармашылығын дамытып, қазақ әдебиетін өрлетуге күш салу.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




