«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жалпыұлттық акция жалғасын тапты

Жалпыұлттық акция жалғасын тапты
Ашық дереккөз
Туған өлкенің тазалығын сақтап, қоршаған ортамызды қорғаудың қашанда маңызы зор. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігі мен ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенді түрде жалғасын тауып келеді.

Осы мақсатта облыс орталығында жастардың қатысуымен «Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Экологиялық жауапкершілікті арттыруға, жастарды табиғатты қорғауға белсене қатысуға шақырған ке зде суде экологиялық т аза бастамаларды қолдау, табиғатты қорғау мен қалпына келтіру бойынша бірлескен әрекеттерді күшейту керектігі айтылды.

– Тазалық – ол адамның ішкі мәдениеті. Жай ғана қоқысты белгіленген орынға апарып тастау экологиялық мәдениеттің қалыптасуына септігін тигізеді. Қоршаған ортаны таза ұстау туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттырады. Тұрған жеріміздің тазалығына, келбетінің көркеюіне атсалысу – әрбір тұрғынның міндеті. Бұл біздің туған жерге деген құрметіміз. Өсіп-өнген ортамызды қастерлеп, оған қамқорлық таныту баршамыздың қасиетті парызымыз. Тазалық жұмыстары жастарды еңбекке баулып қана қоймай, қоршаған орт аға қамқорлық танытуға бағытталған қоғамдық мәдениетті қалыптастыратыны анық», – деді Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Ерғали Абуғали.

Бұдан бөлек, жиын барысында облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев, облыстық «Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Нәмелбек табиғатқа қамқорлық жасау, қалдықтарды басқару, таза әрі экологиялық тұрғыдан тұрақты орта қалыптастыру мақсатында атқарылатын жұмыстар мен жобаларды таныстырып өтті.

Айта кетейік, аталған акция аясында биыл да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген. Бұл бағытт а т арихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілмек. Сонымен бірге, мың шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарланған.

 

Нұрболат АМАНБЕК

Ұқсас жаңалықтар