11 наурыздан бастап Тараз қаласы аумағындағы қоғамдық көлікте жол жүру тарифі қымбаттайды
- author «Ақ жол»
- 4 наурыз, 2025
- 362

«Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің қаулы жобасына өзгеріс енгізілді.
11 наурыздан бастап Тараз қаласы аумағындағы қоғамдық көлікте жол жүру тарифі қымбаттайды.
Жол ақысы электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу бұрынғыша 85 теңгеден 100 теңгеге дейін көтеріледі.
Сондай-ақ, жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу бұрынғыша 130 теңге күйінде қалдырылды.
Мектеп оқушылары (7 жастан бастап) және 18 жасқа дейінгі адамдар үшін 40 теңгеден 50 теңгеге көтеріледі, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу 65 теңге (130 теңгенің 50 пайызы) күйінде қалдырылды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы 10 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға жарияланды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің ұсынымы, Тараз қалалық мәслихатының келісімі алынды. Облыстық әділет департаменті, мемлекеттік органдардың интернет- порталына тіркеуге алынды.
Бүгінде жол жүру тарифін көтеру туралы шешім нарықтағы қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармай бағасының өсуіне, жүргізушілер жалақысының көтерілуіне, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тасымалдаушылардың шығындары есебінен туындайтын жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы жүктемесін азайтуға байланысты болып отыр.
Ескертпе: Тараз қаласында жол жүру тарифі соңғы рет 2021 жылдың 20 сәуірінде 65 теңгеден 85 теңгеге және мектеп оқушылары үшін 30 теңгеден 40 теңгеге өзгертілген болатын.
Тараз қаласының әкімдігі.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді