Филиал төрағасы партияның алдында тұрған міндеттерді жаңа мүшелермен бірге абыроймен атқарамыз деген ниетін жеткізді. Себебі, жаңа мүшелер қашанда жаңа леп, жаңа бастама әкеледі.
– Елімізде 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға, еңбек адамының беделін көтеруге бағытталып отыр. Бүгінде облыста Amanat партиясының 55 мыңнан астам мүшесі 266 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Шын мәнінде олар – саяси ұйымымыздың негізі. Өткен жылы 1800-ден астам адам партия қатарына қосылды, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Партия қатарына қабылданғандардың қатарында Jambyl телеарнасы директорының орынбасары Айбол Қарашев та бар.
«Партияластар қатарына қосылғаныма қуаныштымын. Өңірдегі игі істерге бұрыннан мұрындық болып жүруші едім, енді тіпті жақсы істердің басы-қасында жүремін деп сөз беремін. Әрине, журналист еркін болуы қажет. Десе де сенімді, халыққа пайдасы тиіп жүрген партияның өкілі болуға қарсы емеспін», – деді ол.
Айта кетейік, партия қатарына өңірдегі өндіріс орындарының жұмысшы мамандары, сондай-ақ, білім және денсаулық сақтау, мәдениет салаларының өкілдері қабылданып отыр.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




