«Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Исламбек Дастанның төрағалығымен өткен жиында алғашқы сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов үкіметтік емес ұйым өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың билік пен халық арасындағы байланыс көпірі ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.
– Өңірде азаматтық қоғамның негізі болып саналатын үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай жасалып келеді. Бүгінде олар билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаруда. Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінде облыста руханият пен мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өйткені, елдің дамуы, мәдениеттің қалыптасуы үшін қоғамның рухани деңгейін көтеру, жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеу аса маңызды. Осы мақсатта бірқатар бастамалар қолға алынды. Осы ретте аталған бастамалардың үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында көрініс табуы аса маңызды, – деді Серік Жақсылықұлы.
Сондай-ақ, биыл аймақ басшысының бастамасымен 2025 жылы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы бастау алғандығын атап өтіп, жоба аясында «Тектұрмас» әдеби-мәдени, тарихи-ғылыми журналы жарық көретіндігін жеткізді. Бұдан бөлек, «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында да түрлі жобалар жүзеге асырылатындығын айтты.
Жиын барысында өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, облыс әкімінің Құрмет грамотасы «Phoenix» адам құқықтары жөніндегі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балжан Абдуллаеваға, «Жамбыл жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наталья Дятловаға, Байзақ ауданы қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, медиатор Ғаини Көшекбаеваға табысталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің Алғыс хаттары мен орталық мемлекеттік органдардан келген марапаттар өз иелерін тапты. Басқосуда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Еркін Қуанышев үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғап, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының басшысы Жасұлан Әбдіхалық аймақта той мәдениетін қалыптастыру бойынша жасалған жұмыстарға қолдау танытуға шақырды.
Жиын соңында үкіметтік емес ұйым мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




