Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2025
- 2.4k
1990 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында туған.
2013 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «орман шаруашылығы», 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ инженері болып бастаған.
Әр жылдары «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы»-ның сарапшысы, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүние сі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның сарапшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның бас сарапшысы лауазымында еңбек етіп келді.
2023 жылғы мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




