Жамбыл облысында қуаты 3 миллион тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2025
- 422

Қазақстан Премьер-Министрінің 2024 жылғы қарашада ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.
Кездесудің басты тақырыбы – Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында қуаты 3 миллион тонна болат өндіретін металлургия комбинатын салу жобасын жүзеге асыру болды. Қытайлық инвестор жалпы инвестиция сомасы $1,2 миллиардқа бағаланып отыр, жоба шеңберінде 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр.
Инве стордың жо спарына сәйкес, бірінші кезеңде 2027 жылы өндіріс қуаты 1 миллион тонна болатты құраса, ал инвестиция көлемі 160,2 миллиард теңгеге жетеді. 2029 жылға қарай өнім шығару 3 миллион тоннаға дейін артып, қосымша инвестиция көлемі 312,8 миллиард теңгені құрайды. Өндіріске қазақстандық шикізат: Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында өндірілетін табиғи газ және темір рудалары, сондай-ақ әктас пайдаланылады. Нәтижесінде, кәсіпорында созба сымдар, арматура, құбыр өндірісіне арналған жолақты болат, сондай- ақ, бұрышты және профилді болат сияқты өнімдердің кең ауқымын шығару жоспарланып отыр. Жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында металлургия зауытының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қуаты 350 МВт газ турбиналы электр стансасын салу көзделген, оған инвестор 201,3 миллиард теңге қаржы бөледі.
Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы (DRI) енгізілетінін, бұл оның өнімдегі жоғары құрамын – 90 пайыздан астамды қамтамасыз ететінін және қазақстандық металлургияның бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын баса айтты.
Премьер-Министр Олжас Бектенов аталған жоба отандық металлургияны дамытуға, өндіріс қуатын арттыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейтуге маңызды қадам болатынын атап өтті.
«Жобаның біз үшін маңызы зор. Бұл – еліміздің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатын маңызды бағыт. Инвестициялық жобаларды жедел іске асыру үшін Қазақстан Үкіметі жанынан Инвестициялық штаб жұмыс істейді. Үкімет сіздің жоспарларыңызды толығымен қолдайды және оларды жүзеге асыру үшін тиісті қолдау көрсетеді», – деп атап өтті Премьер-Министр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Телеграмға түскен өтінімдердің көбісі тазалыққа қатысты
- 29 сәуір, 2025
Адал жастардың алар асуы биік
- 29 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді