
Байқау нәтижесінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыптағы карикатура жанрының жеңімпаздары анықталды. Бұл сынға Тараз қаласы мен аудандардан 11 туынды ұсынылды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері қолдарына қылқаламды серік еткен жасөспірімдердің шығармаларын әділ бағалады. Карикатураның көркемділігінен бөлек, айтар ойына да мән берді. Шынында, дарынды оқушыларымыз сыбайлас жемқорлықпен күресті ақ қағаз бетінде барынша бейнелеген.
Салтанатты іс-шарада партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Amanat партиясы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізудің өзіндік тәжірибесін орнықтыра білгенін атап өтіп, партияның облыстық және де аудандық филиалдары тарапынан бұл іске айрықша сергектікпен қарап, маңызды істе партиялық белсенділік танытып келе жатқанын жеткізді. Себебі, мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі мақсаты, қоғамды жайлаған міндеттен құтқаруға негізделген.
– Бүгінгі ұйымдастырылып отырған байқаудың басты мақсатын өздерің сияқты өсіп келе жатқан жастардың арасында қоғамда жағымсыз естілетін Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеуді насихаттау. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен күресті әрбір азамат жеке өзінен бастауы керек деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында туған жер мен Отанға адалдық танытудың берік жолын айқындап берді. Рухани жаңғыру дәуірінде, рухани дүниемізді байыта отырып, қоғамдық сананы ұлт болашағы мен мемлекет келешегін өркендету мақсатына бет бұратын кез келді, – деді Дауыл Бейсенқұлов.
Мұнан кейін байқау жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде, Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 8-сынып оқушысы Амалия Шакизинданың туындысы жеңімпаз ретінде танылды. Сол секілді Мойынқұмнан келген Асылжан Қоңыратбай ІІ-орын, ал сарысулық Алуа Боранбай ІІІ-орын алды. Өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен дипломдар табыс етілді.
«Аq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді