Мекеме агрономдарының ұйғаруымен қала аумағында, саябақтар мен жол жиектеріндегі ағаштарды күтіп-баптау, кесу, балақтау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қат ар, қала аумағы кеңейіп, инфрақұрылым дамып келеді. Жуырда, 14 наурыздан бастап көпір құрылысы басталады. Қазіргі таңда мердігер «Қазақдорстрой» компаниясы болып анықталды. 34 жер теліміндегі нысандарды бұзу бойынша жұмыстар депутаттардың қолдауымен, тұрғындардың келісімімен басталуға жақын. Осыған орай, «Жасыл ел – Тараз» аталған аймақтағы талдарды басқа аумаққа көшіру жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, қалған 28 жер телімінің иелерімен келісім жасалуда.
Бүгінде Абай даңғылы бойында Байзақ батыр көшесі мен Балуан Шолақ көшесі аралығында бірқатар тал- дарақтарға күтім көрсетіліп, көктемге дайындық шаралары жасалды. Кенесары көшесі, «Біз – біргеміз» монументі, монумент айналасы екі жағынан, «Мамыр саябағы», Арбат-1, Сыпатай батыр көшесі мен Аққозиев көшесі аралығы, «Үшбұлақ-2» жағалауы, Кенесары көшесі, онкологиялық аурухана алдындағы саябақтарына ағаштарға санитарлық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, аталған аумақтардағы бозарша, арша, қарағаш, үйеңкі талдары ауыстырылып, кейбіріне жаңғырту жұмыстары көрсетілді. Сондай-ақ, кейбір тіптен жарамсыз талдар кесілді.
Мекеме жұмысшылары тал балақтау, жасыл желекті көктемге даярлау жұмыстарын алдағы уақытта да белгіленген ережемен атқара бермек.
Тараз қаласының әкімдігі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




