
Департамент басшысының сөзінше, өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны жүз мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілсе, облыста 22 055 мыңнан астам адамды қамтитын 1285 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары жүзеге асқан. Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылған.
– Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, заң саласында цифрлық қолжетімділіктерді арттыру да бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азамат білікті заң көмегін алды. Облыста 146-ға жуық адвокаттар мен 41 заң консультанттарының қатысуымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған. Бұдан өзге бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды. Жамбыл облысының тұрғындары 2024 жылы нотариусқа бармай-ақ 2352 онлайн-сенімхатты, 757 онлайн-келісімді заңды түрде рәсімдей алды, – деді Нұрғали Есіркепұлы.
Еліміздің заң саласындағы тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботының» енгізілуі. Бұл бойынша 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар Egov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады. Сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25 пайыз қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Ал, бұл процесс дәстүрлі түрде жүзеге асқан жағдайда азаматтар айыппұл сомасының аталған мөлшерін сот орындаушысына төлеуге міндетті.
Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап елімізде бүгінгі күнге дейін 2,2 миллиард теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалған. Осылайша, азаматтардың пайдасына үнемделген сома мөлшері 550 миллион теңгені құрады. Ал, облысымызда 583 миллион теңгені құрайтын 27 421 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалып, 28 миллион теңге үнемделген.
Жиын соңында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берген департамент басшысы биылғы жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын арттыруға оқыту жоспарланып, қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған «Әйтеке» көмекшісі жасанды интеллекті іске қосылатындығын да атап өтті.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жазушы Кемел Тоқаев өмірінің ащы шындығы
- 19 сәуір, 2025
Ерлік пен еңбекқорлықтың үлгісі болған
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді