Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруды, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды мақсат еткен жәрмеңкеге қала аумағындағы тұрақты жұмысқа 30 жұмыс берушіден 152 бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде 63-і жұмысшы мамандықтары бойынша жұмыс орындары. Жәрмеңкеге келушілерге «Мансап» орталығының мамандары кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға және жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыру мақсатында кеңес берді.
– Бұл тек бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ғана емес, еңбекке енді араласатын жастарға дұрыс мамандық таңдап, еңбек нарығында оң бағыт алуына кеңес беру алаңының да қызметін атқарады. Бұл арқылы біз техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыруды көздейміз. Сонымен қатар, қала аумағындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналасуына ықпал ете отырып, еңбек нарығындағы жағдаймен таныстыруды, өз бетінше жұмыс іздеп табуға көмектесіп және жұмыс іздеуде кәсіби бағыт-бағдар беруді мақсат еттік. Тұрғындарға тұрақты жұмыс табуды және белсенді шараларға тартуды да негізге алып отырмыз. Бұл – колледжді бітіргелі отырған жастарға да жұмыс іздеуде қажетті мағлұмат алуға мүмкіндік беруде, олар да бұл алаңды тиімді пайдаланды деуге болады, – дейді облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры Серік Әлібеков.
Осы уақытта облыстың барлық аудан орталықтарында да дәл осындай жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




