
Байқау барысында арнайы құрылған комиссия қабылдау бөлмелерінің азаматтарды жеке қабылдауын, «Құқықтық көмек» партиялық жобасын сапалы іске асыру барысын және фракция мүшелерінің белсенділігін бағалады.
– Amanat партияcының бүгінгі таңдағы жұмысының маңызды және жауапты бағытының бірі – қоғамдық қабылдау қызметі болып табылады. Қоғамдық қабылдау бөлмелері партияның барлық филиалында тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Олардың ең басты міндеті өтінішпен келген әрбір азаматпен тікелей кездесіп, әңгімелесу барысында олардың мұң-мұқтажы мен толғандыратын әлеуметтік мәселелерін зерделеумен ерекшеленеді. Сонымен қатар, партия филиалдары азаматтардың өтініштерін түскен сәттен бастап түпкілікті шешім шыққанға дейін бақылауда ұстайды. Мәселен, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өткен жылы түскен 3683 өтініштің 2284-і оң шешімін тауып, 1399 өтініш бойынша түсініктеме берілді. «Құқықтық көмек» жобасы аясында аптасына екі рет заңгер, адвокат, нотариус және медиаторлардың қабылдауы өткізіліп, 2024 жылы осындай 143 қабылдауда 305 тұрғынның өтініші бойынша тиісті заңгерлік кеңестер көрсетілді. Сондай- ақ, партияның облыстық филиалы халықтың құқықтық сауатын арттыру, тегін құқықтық кеңес беру мақсатында өткен жылдың 25 маусымында өңірлік адвокаттар алқасы, заң кеңесшілері палатасы, нотариаттық палата және медиация орталықтарымен меморандумға отырып, аталған жоба биыл да белсенді түрде жалғасуда, – дейді партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова.
Байқау нәтижесінде екінші орынды Жамбыл аудандық филиалы иеленсе, үшінші орынға Шу аудандық филиалы лайық деп танылды. Ал бірінші орынды Байзақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі жеңіп алды. Енді бұл филиал алдағы уақытта республикалық байқауда өңір намысын қорғайтын болады. Байқау жеңімпазы атанған Байзақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі былтыр барлығы 97 қабылдау өткізіп, онда түскен 224 өтініштің 195-і оң шешімін тапқан, ал 73 өтініш бойынша заң аясында толыққанды түсініктеме берілген. Қабылдауларда тұрғындар негізінен тұрғын үй мәселесін, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының жұмысын, сонымен қатар азаматтардың жұмысқа орналасу жайын көтерген. Өткен жылы аудан әкімі мен орынбасарларының 17 қабылдауында 69 өтініш түсіп, оның жартысынан астамы оң шешілген болса, партия аудандық филиалы төрағасы өткізген 6 қабылдауда 14 өтініштің 9-ы оң шешімін тапқан. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова өткізген қабылдауда байзақтық азаматтардың тарапынан айтылған 3 өтініштің үшеуі де оң шешімін тапты. Ал, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері өткізген 48 қабылдауда тіркелген 98 өтініштің 59-ы оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары жыл ішінде 19 қабылдау өткізіп, ондағы 28 өтініштің 12-сі оң шешілген.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Таразда ыстық су уақытша өшіріледі
- 12 сәуір, 2025
Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді