Отырысты басында ашып, жүргізген, кеңес мүшелігіне іріктеу өткізген жұмысшы топтың жетекшісі Малтабар Жаманбаев ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы мен ереже негізінде ұйымдастырылған сайлау барысы және нәтижелері туралы баяндай келе, қалалық Қоғамдық кеңестің ережесін бекітті. Жиынға арнайы қатысқан Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай кеңес мүшелігіне өткен азаматтарды құттықтап, оларға куәліктер мен төсбелгілер табыстады. Сонымен бірге, жиында сөз алған Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбек те кеңес құрамына сайланғандарға өз құттықтауын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жұмысшы топ жетекшісі ретінде Малтабар Жаманбаев өкілеттілігі тәмамдалар тұста кеңес төрағасын сайлау жөніндегі мәселеге кеңес мүшелерінің назарын аударды. Кеңес төрағалығына жаңа құрам тарапынан, тек бір ғана Сембек Сейдәзімовтің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан сайланды.
Енді жұмысын бастаған кеңес құрамының алғашқы отырысының тізгінін қолға алған Сембек Сейдәзімов оның жұмыс комиссиялары, төралқасы, кеңес жанындағы тұрақты сарапшы комитет құрамдарын, төрағаларын бекітуді ұсынды. Бекітілген төрағалар кеңеспен бірауыздан қабылданды.Осылайша, Тараз қалалық Қоғамдық кеңестің IV шақырылымы өз жұмысын бастап кетті.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Атомға бай елде АЭС-тің болмауы абсурд
- 15 қаңтар, 2026
Жаңа автобустар жаңа бағытпен жүреді
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




