2024 жылы әлеуметтік саланы дамытуға 42,4 миллиард теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық.
Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын орындау міндеті асыра орындалды. Жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау есебінен 13,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (жоспар – 11 мың).
Өңірлік жұмыспен қамту картасы азаматтарды жұмысқа орналастыруды жоспарлауға және еңбек нарығының қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Осы карта шеңберінде 70,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде – 51,3 мың тұрақты жұмыс орны.
Жыл қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспары да асыра орындалды. 2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 62,7 мың жамбылдық (жоспар – 55,6 мың) қамтылды. Атап айтқанда, олар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды, өтеусіз гранттар алды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,8 мың адамға кеміді.
Өңірде 2025 жылы 65,6 мың жұмыс орнын құру күтілуде, оның ішінде 48,2 мың тұрақты жұмыс орны бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




