
Мемлекетімізде мүгедектігі бар кісілерге барлық жағынан көмек көрсетіледі. Айталық, облыста 45571 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-ші топтағы 4 586 адам болса, 2-ші топтағылар 16534, 3-ші топтағылар 17629 адам, ал 18 жасқа дейінгі 6822 мүгедек бар.
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына, яғни сурдо- тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар үшін бюджеттен 6,9 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 1,4 миллиард теңгесі республикалық, 0,7 миллиард теңге облыстық, 2,6 миллиард теңге жергілікті бюджеттен бөлінген.
– Былтырға әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 98,5 пайызды құрады. Яғни, порталға тіркелген 28513 өтініштің, 28041-і қанағаттандырылды. Қалған қызметтердің мерзімдеріне байланысты биылға өтпелі. Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағыты Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасымен бекітілген. Жол картасына сәйкес жыл соңына дейін Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жо спарланған. 2025 жылдың 1 қаңтарына 189 нысанға 140,6 миллион теңге қаржы бөлініп, 246 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған 13 нысанда бейімдеу жұмыстары жартылай жүргізілген, яғни жоспар 95 пайызға орындалды. Басқармаға қарасты 21 медициналық- әлеуметтік мекемеде өткен жылы 4574 азамат арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрімен қамтылды. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тарапынан 2168 азаматқа үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Бұл кісілердің ішінде 936-сы қарттар болса, 1232-сі мүгедектігі бар адамдар, – дейді облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлама лар басқармасының басшысы Еркін Келесов.
Басқарма басшысының айтуынша, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында 21 үкіметтік емес ұйым тарапынан 1640 мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Айдан келген топырақта қазақ баласының да қолтаңбасы бар
- 20 наурыз, 2025
Күн мен түн теңелгенде...
- 20 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді