
Қали Ерғазыұлы суретшілігі, тасқа таңба салған мүсіншілігінен бөлек, карикатура жанрының да маманы. Оның идеялары қарапайым көпшіліктің ойларымен өзектес. Аталған көрмеге 160 сурет әзірлеп әкеліпті. Бір суреті бір әзіл әңгіменің жүгін көтеріп тұрғандай. Шебердің «Мектеп», «Театр», «Жоғары оқу» жұмыстары аталған мекемелердегі күрделі көріністерді әзіл түрінде беріпті. «Емхана», «Тексеріс», «Парақор», «Бабалар алдында жауап беру» секілді туындылардың әрқайсысы үлкен жүкті көтеріп тұрғанын тақырыптарынан да тануға болады. Өнерпаздың барлық карикатуралары үлкен ойды айтып, көрген жұртты тәрбиелеуге бағытталған. Әр еңбегі арқылы жаман істерден, тойымсыздық пен парақорлықтан аулақ болуға шақырады.
Іс-шараны Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Болат Құсайынов сөз сөйлеп ашып: «Бұл еңбектерден Қалидың азаматтық қасиетін көруге болады. Қали ерекше ойлайды, әр жұмысы жауапкершілікке толы. Осы еңбектің бәрін қалай жасап үлгерді деп таңғаламын. Бұл карикатуралары – жастарға үлкен үлгі. Әріптесімнің жетістігіне өте қуаныштымын. Алдағы жұмыстарына да табыс тілеймін. Көрмесі құтты болсын. Шығармасы елге қызмет ете берсін», – деді. Мұнан соң суретшілер Мұраджан Рахымжанов, Мұхтар Егізеков, Айман Орманова, аталған көркемсурет галереясының меңгерушісі Балнұр Райқұлова өздерінің пікірлерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараны Қали Қораласбаев өзі түйіндеп, қонақтар мен көрмені тамашалауға келген көпшіліктің баршасына алғысын айтты.
Ол:
«Мұндағы мақсатым – жастардың бойында жемқорлыққа қарсы мінез, дағды қалыптастыру. Парақорлықтың түбі қорлық екенін жеткіншектерге ұғындыру. Жастардың көзқарасын жақсы бағыттарға бұру. Көрмеге жастардың көп келгені мені қуантты. Олардың көпшілігінен қызығушылық байқадым. Бұл жемқорлыққа қарсы жасалған қадамдарымның жүзеге асқанын байқатады», – деді.
Көрмені тамашалауға келген жастар мен жасөспірімдерді де сөзге тарттық.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Мейірім Естай:
«Аталған колледжде сәндік қолданбалы өнер мамандығында оқимын. Сурет саламын. Сондықтан, көрмені аралап, ой түйіп, әсер алу үшін келіп отырмын. Автордың терең ізденісін, шеберлігін, ой-өрісінің жан-жақты екенін байқадым. Мұндай игі іс-шара менің замандастарым мен достарыма да оң әсер береді» десе, Тараз қаласындағы №1 гимназиясының оқушысы Нұргелді Әбдіманап: «Сурет өнеріне қызығамын. Суретшілер үйірмесіне қатысып жүрмін. Осы бағыт бойынша бірқатар байқаулардан жүлде алғаным бар. Бүгінгі іс-шараға өзімді дамытып, көрменің мазмұнын, автордың айтарын сезіну үшін келдім», – дейді.
Карикатура өнерінің шебері Қали Қораласбаевтың еңбегі шынында жастар мен жасөспірімдерге ой салады. Күн сайын айтылатын құрғақ ақылдан қашып, өзінің айтарын қылқаламы арқылы жеткізген суретшінің ниеті құптарлық. Шу ауданынан келген суретшінің бұл көрмесі өнерде шекара болмайтынын тағы да дәлелдеді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қыздар форумы ұлт тәрбиесіне негізделді
- 6 наурыз, 2025
Шәкәрім шығармаларының тағылымы мол
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді