
Щорс Шарафутдинов облыстың дамуына елеулі үлес қосқан азамат. Ол еңбек жолын қарапайым ұста болып бастап, Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің хатшысы, облыстық мәслихаттың хатшысы сияқты жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.
Іс-шарада облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев бар саналы ғұмырын өңірдің оң өріс алуына сарп еткен еңбек адамының жанқиярлық жұмысына, үлгілі өміріне кеңінен тоқталды.
– Бүгін Тараз қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Тараз қаласы мен Жамбыл облысының Құрметті азаматы Щорс Шарафутдиновтың құрметіне өзі тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылып отыр. Бәріміз сол тақтаның ашылуына жиналып, ардақты азаматты еске алып тұрмыз. Ол кісі халыққа істеген еңбегі мен игі ісі үшін осы құрметке ие болды. Щорс Құбатайұлы 1994-2003 жылдары арасында зейнет жасына шыққанға дейін Жамбыл облыстық мәслихатының алғашқы хатшысы болып қызмет атқарды. Оның кісілігі мен кішілігі мол болатын. Бүгін ашылып отырған тақта ол кісінің еңбегінің лайықты бағасы деп білемін, – дейді Абдалы Тоқбергенұлы.
Одан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Шәріп Дәулетбаев және туыстары ізгі тілектерін арнады. Сөйтіп, мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында жиналған қауым ардақты азаматтың еліне деген адалдығы мен еңбегін тағы бір мәрте еске алды. Бұл мемориалдық тақта – оның есімін мәңгілікке қалдыруға арналған құрмет белгісі ғана емес, сондай-ақ, келер ұрпаққа өнеге болатын рухани мұра. Щорс Құбатайұлының есімі мен еңбегі әрдайым халық жадында сақтала бермек.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Он құрсақ көтеріп, отыз жыл қызылшада тер төккен
- Бүгін, 02:46
Энергетикалық секторды жаңғырту – маңызды міндет
- Бүгін, 02:41
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді