
Дүниежүзілік сайлау күніне орай облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мен облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің мәжіліс залында сайлау құқығына ие жастар өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың және саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің, облыстық сайлау комиссиясының, Тараз қалалық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, сондай-ақ Тараз қаласының сайлау құқығына ие жастары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айбек Қадыралиев жүргізіп отырды.
Кездесуде облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов қатысушыларға «Қазақстандағы сайлау жүйе сі және оның қоғам дамуындағы рөлі» тақырыбында дәріс оқып, еліміздегі сайлау жүйесі, сайлау бостандығы мен принциптері, соңғы жылдары сайлау жүйесіндегі орын алған жаңашылдықтар, облыстық сайлау комиссиясының құрамы мен комиссиялардың қызметіне тоқталып өтті. Біздің елімізде сайлау республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Мәселен, азаматтар 18 жасқа толғаннан кейін сайлауға тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, немесе кез келген өзге де мән- жайларға қарамастан дауыс беруге қатыса алады. Спикердің айтуынша, бүгінде облыс бойынша 18 жасқа толған 729 мыңнан астам сайлаушы «Сайлаушылар тізіміне» енгізілген. Олардың 233 мыңы, яғни 32 пайызы – жастар.
Жиында сөйлеген М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің проректоры Аслан Тұрлыбек жастарға сайлаудың ел болашағы үшін маңыздылығын айтып, біздің болашағымыз бен халқымыздың келешегін айқындайтын биліктің қалыптасуына жоғары жауапкершілікті арттыратын жастар екендігін, әрбір жастың білімді, парасатты көшбасшы болуы керектігіне тоқталса, «Ауыл» партиясының облыстағы өңірлік филиалының басшысы Айгерім Сәрсенбаева сайлаушылардың, оның ішінде жас сайлаушылардың дауыс беруге деген қызығушылығын арттыру мәселесін қозғап, жастарды кез келген қоғамдық шараларға белсене араласуға шақырды. Жастар атынан сөз алған Тараз университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің 2-курс студенті Алмат Қалдыбек сайлаудың маңызы мен жастардың азаматтық белсенділігі туралы ойымен бөлісіп, жас сайлаушыларды еліміздегі саяси процестерге белсене араласуға, әрдайым әділ сайлауды жақтауға шақырды.
Кездесудің келесі кезеңінде жиынға қатысушы жастар арасында «Сен сайлаушысың» атты интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны өтіп, артынша Жамбыл жоғары политехникалық колледжі, Жамбыл жоғары медициналық қолледжі және Абай атындағы гуманитарлық жоғары колледжінің командалары арасында «Блиц-турнир» ұйымдастырылды. Дүниежүзілік сайлау күніне арналған ойындардың жеңімпаздары облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Осылайша, Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған шара сайлау құқығына ие жастардың белсенді қатысуымен өтті.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Айтулы оқиғаларға толы ақпан айы
- 1 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді