«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ғалым НҰРШАНОВ

Ғалым НҰРШАНОВ
Ашық дереккөз
73 жасында біртуар тұлға, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Ғалым Нұршанов дүниеден өтті.

73 жасында біртуар тұлға, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Ғалым Нұршанов дүниеден өтті.

Біз нағыз достан, пікірлестен, жолдасымыздан айырылдық. Инженер-гидротехник, құрылысшы Ғалым Әшірұлы еңбек жолын 1975 жылы бастаған. Аудандық комсомол комитетінде, партияның аудандық комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарды

Еңбек өмірінің көп бөлігін Т.Рысқұлов ауданының су шаруашылығы жүйесінде әуелі инженер-гидротехник, бас инженер, кейін ауданның суару жүйелері басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Ұжым оны кәсіби және жеке қасиеттері, еңбексүйгіштігі мен адалдығы үшін бағалады.

Ғ.Нұршанов облыс үшін аса маңызды болған Орталық стадион, Тараз қаласындағы Жеңіс саябағын қайта жаңғырту құрылыстарын басқарды. Жер сілкінісінен кейін Арыс қаласы, Құлан ауылындағы үйлер мен ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына белсене қатысып, қиын сәтте тұрғындарға зор қолдау көрсетті. Ол Тараз мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясында қызмет атқара жүріп, өзін тамаша маман ретінде көрсете білді. Өзінің адалдығы үшін құрметке ие болды. Облысымыздың сәулет-құрылыс секторына және әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлесін қосты. Ғалым Әшірұлы зейнетке шыққаннан кейін қызметін жалғастырып, Алматы, Жамбыл, Шымкент, Ақмола облыстарындағы су қоймаларының инфрақұрылымдарына сараптама жұмыстарын жүргізді. Облыстық мәслихат тарапынан құрылыс нысандарын тексеруге де бірнеше рет қатыстырылды.

Ғалым Нұршанов өзгенің мәселесіне немқұрайлы қарамайтын, қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға сөзбен ғана емес, ісімен де қол ұшын созып отыратын.

Ғ.Нұршанов – тамаша отағасы, ол жұбайы екеуі 3 ұл, 8 немере тәрбиелеп өсірді.

 

Дос-жарандары мен әріптестері оның туған-туыстары мен жақындарына, Ғалым Әшірұлын білетін баршаға шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жарқын естелігі біздің жүрегімізде, есімі оны білетін және бірге қызмет еткендердің жадында мәңгі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар