
Оның айтуынша, серікте стік 1998 жылдан бері кен өндірумен айналысады. Түрлі қиындықтарды баст ан өткерген с ерікте стікте жұмысшы болып еңбек жолын бастаған Николай қазір кен өндіріп жатқан карьер жұмысына жетекшілік етуде. Оның мұнда жұмыс істегеніне жиырма жылдың жүзі болыпты. Карьер ұзақ жыл бойы өнеркәсіп салаларын шикізатпен қамтамасыз етіп, жоғары кәсіби мамандар даярлап, инновациялық тәсілдерді де тұрақты дамытып отыр екен.
– Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында айтқандай, бүгінгі күні еңбек адамдарына жақсы көңіл бөлініп отырғаны қуантады. Шындығында, жұмысшы мамандықтары елдің экономикасының дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосады деп есептеймін. Мемлекеттік деңгейде мұндай еңбекті мойындау бізді қуантып, одан да жақсы жұмыс істеуге шабыттандырғаны рас, – дейді Николай Созыкин. Карьердегі жұмыс жоғары кәсібилік пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Николай Созыкиннің айтуынша, онда күн сайын 7 мың тоннаға дейін кен өндіріп, әрі қарай тасымалдайды. Әңгіме барысында Николай «Бұл жұмыспен бүкіл менің өмірім байланысып кеткен», – деп атап өтті.
– Мұнда өндірістен бөлек айналадағы көркем табиғатты тамашалап, тамсану маған қатты ұнайды. Кең байтақ жеріміздің байлығы расында да өте көп. Жұмыс күні ерте басталып, кеш аяқталса да тынымсыз еңбек ету біз үшін міндет. Алатаңнан қондырғылар мен ұсақтағыштар іске қосылғанда карьер жанданады. Бұрғылау, шикізат сапасын бағалау, жарылыс жұмыстары – бәрі үлкен жауапкершілікті қажет етеді, – дейді ол.
Карьер мен жақын маңдағы учаскелердің қоры кәсіпорынның 100-200 жылға дейін тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазір жаңа қабат игеріліп, алдағы уақытта бірнеше жаңа учаске де өндіріске дайын тұр екен.
Сондай-ақ, мұнда экологиялық талаптар да сақталған. «Біз қалдықсыз өндіріс принципін ұстанамыз. Цемент өндірісінде әктас, алюминат, темір сияқты шикізаттың барлығы дерлік пайдаланылады», – дейді ол.
Әріптестері үшін Николай Созыкин – білікті маман ғана емес, тәжірибелі тәлімгер. Жас мамандар оның сабырлылығы мен тәжірибесін жоғары бағалайды.
– Үйренуден және қолмен жұмыс істеуден қорықпаңыздар. Карьер – тек жұмыс орны емес, үлкен өмір мектебі. Егер өз ісіңізге адал болсаңыз, табысқа жету уақыттың еншісінде. Сіздің еңбегіңіз маңызды және құнды екенін ұмытпаңыздар, – дейді ол жас мамандарға.
Осындай жандардың арқасында «Ақтас» ЖШС өз саласында көш бастап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Шолпан ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
журналист.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді